Онлайн-петициялар

8 қаз 2020

2017 жылы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасын қарау барысында Электрондық үкіметтің функционалына «Ашық петициялар» сервисін енгізу мәселесі қаралды. Сол кездегі, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың мәлімдемесі бойынша:

«Министрлік "Ашық петицияның" жаңа компонентін құру бойынша    мәселені пысықтауда. Оны іске асыру үшін заңнамалық актілерге  өзгерістер енгізу қажет, сондай-ақ қосымша бюджет қаражатты талап етіледі, бірақ оған уақыт қажет».

Министрдің бұл мәлімдемесіне қарамастан, «Ашық петициялар» бойынша ұсыныс заң жобасына енбеді және үш жыл ішінде оны әзірлеу бойынша ешқандай әрекет жасалмады. Электрондық үкімет сайтында қазір ұжымдық  өтініш немесе петиция беру мүмкіндігі жоқ.

‌Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастамашылық жасауы үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру қажеттігін атап өтті. Мұндай механизм кез-келген манипуляциялардан толығымен қорғалуы керек. Үкімет азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасай отырып, нормативтік-құқықтық базаны әзірлеп, осы маңызды жобаға қатысты барлық техникалық мәселелерді шешетін болады.

«Ашық петициялар» компонентін іске асыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Сонымен, қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты қолданыстағы Заңнама "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 12.01.2007 жылғы № 221 Заң болып табылады. Заңда петиция беру мүмкіндігі жоқ, сондықтан мемлекеттік органдар мұндай өтініштерді қарастырмайды: құрал заңды емес.

ЗҚАИ (заңнама және құқықтық ақпарат институты) ескертпесінде осы заңның қолданылуына байланысты: "Заң 29.06.2020 № 350-VI ҚР Кодексімен күшін жояды (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі)" деп көрсетілген. Яғни, бұл заңға «Ашық петициялар» компонентін енгізу үшін өзгерістер енгізудің мағынасы жоқ, ол 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жояды.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда петициялардың анықтамасы да жоқ және Заңның 1-бабында сипатталған негізгі ұғымдарда «Ашық петициялардың» қолда бар немесе әзірленіп жатқан құрамдас бөлігі туралы айтылмаған.

01.07.2021 бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексі (ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексі) күшіне енеді. Кодекстің 22-бабының 1-тармағында ұжымдық өтініш беру мүмкіндігі сипатталады, алайда Кодексте петицияларға қатысты мәліметтер, глоссарийде (4-бап) петиция анықтамалары, басқа елдердің заңдарындағыдай, қолдардың саны бойынша өлшемдер жоқ және т.б. Одан басқа, осы Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

«Ашық петициялар» құрамдауышын енгізу үшін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға және  Электрондық үкіметтің функционалын сипаттайтын НҚА-ға өзгерістер енгізу қажет екені анық. Сонымен қатар, Президенттің нұсқауына сәйкес өтініштерді манипуляциялардан қорғау қажет. Осы қорғаныс механизмін де әзірлеуге тура келеді және ҚР Азаматтық қоғам ұйымдары бұл жұмысқа мүмкіндігінше тезірек қосылуы керек.


Background photo created by freepik - www.freepik.com

Данила Бектурганов

Әлеуметтанушы, саясаттанушы, азаматтық сараптама қоғамдық қорының директоры. 1999 жылдан бастап "үшінші секторда" жұмыс істеймін, 2014 жылдан бастап цифрлық құқықтар мәселесімен айналысамын.