Цифрлы бостандықтар дегеніміз не?
Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар қоғамның дамуына айтарлықтай әсер етуде. Алайда, ақпараттық қоғамның артықшылықтары бірқатар маңызды жасырған сұрақтарға жауаптарын біз енді ғана іздей бастау үстіндеміз. Интернеттегі сөз бостандығы, пайдаланушылардың жеке деректерін қорғау, ақпаратты беру қауіпсіздігі, цифрлы құпиялылық - бұл ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты адам құқықтары үшін қазіргі заманғы негізгі сын-қатерлер. Бір жағынан, еркін коммуникацияны дамыту азаматтардың ақпараттандырылған шешімдер қабылдауына ықпал етеді, демократияны нығайтады және адамдардың қоғам істеріне қатысу деңгейін жоғарылытады, бірақ екінші жағынан, бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуына әкеледі немесе іргелі құқықтарға шектеулер енгізуге себеп болады.
Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам құқықтарын қорғаудың классикалық жүйесінің алдына шешілмейтін мәселелерді қояды. Негізгі әрекет етушілер мен кепілгерлер егемен мемлекеттер болып табылатын адам құқықтарын қорғаудың тік тәсілі де қайта қарастыруды қажет етеді. Шынында да, цифрлық кеңістікте тиімді мемлекеттік бақылау қиын, ал корпорациялар, керісінше, өз ережелерін орнатады және қолдайды. Қазақстанның цифрлы құқықтар мен бостандықтарының ландшафты 2020 тұтастай алғанда азаматтық қоғам мен құқық қорғау қоғамдастығының, атап айтқанда, адам құқықтарының цифрлы күн тәртібіне байланысты алдында тұрған түрлі сын-қатерлерді сипаттау әрекеті болып табылады.
Цифрлы құқықтар мен бостандықтар - бұл таныс нәрселерге басқаша көзқарас. «Адам құқықтарының цифрлы күн тәртібі» туралы айтқанда, ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде сақталуы кепілдендірілетін,жалпыға бірдей адам құқықтары мен бостандықтарын айтамыз. 2016 жылғы 27 маусымда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 32-ші сессиясында қабылданған резолюция «офлайн режимінде адамның барлық құқықтары да онлайн режимінде қорғалуы керек» екенін растайды.
Бұл құжаттың авторлары кім?
Бастапқыда цифрлы дәуірдегі адам құқықтары мәселелерін сипаттауға көзқарасты беларуссиялық адам құқықтары жөніндегі ұйым Human Constanta ұсынған. Өз кезегінде қазақстандық ландшафттың бірінші нұсқасы әр түрлі ұйымдар мен бастамаларды ұсынатын авторлар ұжымының күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Сорос Қазақстан Қоры ұйымдастырған, 2019 жылдың сәуір айында Алматы қаласында өткен үш күндік шеберхана аясында біз сын-қатерлер мен қажеттіліктерді сипаттаудың басымдықтары мен тәсілдерін анықтау бойынша бірге жұмыс жасадық.