2021
Digital
Rights Matter
Бөлімдер тізіміне өтіңіз
Rights Matter
Кіріспе
Digital Rights Matter (орыс. Цифрлық
құқықтар маңызды) - осындай атаумен 2020 жылы Қазақстандағы цифрлық дәуірдегі адам құқықтары
саласындағы сын-тегеуріндерді талдайтын алғашқы
жалпы жылдық есеп ұсынылды. Бұл құжат цифрлық
құқықтар мен бостандықтар саласында осы уақыт аралығында не болғандығы туралы ақпаратты қамтитын
2021 жылғы баяндаманың бір түрі болып табылады.
2020 жылы адамзат COVID–19 салдарынан бұрын–соңды болмаған жаһандық локдаунға тап болды және тез
өзгеретін жаңа әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайларға бейімделуге мәжбүр болды, бұл өз
кезегінде әлемдегі және Қазақстандағы цифрлық құқықтар саласына, олардың қорғалу кепілдіктеріне,
мызғымастығына және қолданылуына елеулі әсер етті.
Келесі, 2021 жылды пандемия кезінде өмірден алынған қорытынды немесе қорытынды жылы деп атауға
болады. Сонымен бірге, «Digital Rights Matter 2021» есебінде біз ұзақ пандемиямен байланысты емес,
сонымен бірге цифрлық құқықтарымыз бен бостандықтарымызға әсер еткен тақырыптарды да қозғадық.
Сонымен қатар, өткен жылдан өзектілігін жоғалтпаған тақырыптар мен оқиғалар бойынша да апдейт
өткізілді.
Жаңартылған есеп үшін 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейінгі кезең алынды, жариялау кезінде
кейбір жаңартулар жасалынды.
«Digital Rights Matter 2021» есебінде өткен жылғы есептің жеті тақырыбы бойынша деректер талданып,
жаңартылды, сондай – ақ «Цифрлық инклюзия» атты жаңа тақырып қосылып, барлығы сегіз ауқымды тақырып
болды:
Цифрлық құпиялылық саласындағы халықаралық стандарттар
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ) жеке
өмірге қол сұғу
құқығының маңыздылығы туралы айта отырып, бұл құқық басқа құқықтарды жүзеге
асыруға жағдай жасайды
делінген: ,
адамның жеке басының және сенімдерінің еркін дамуы және оларды еркін білдіру,
сондай-ақ адамдардың
саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірге қатысу қабілеті.
2015 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі өзінің
28/16 Қарарымен
жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа (немесе құпиялылыққа) қатысты арнайы рәсім –
жеке өмірге
қол сұғылмаушылық құқығы туралы мәселе бойынша Арнайы баяндамашы мандатын
бекітті. Арнайы
баяндамашы мемлекеттерден, үкіметтік емес ұйымдардан және жеке өмірге қол
сұғылмаушылыққа
байланысты оқиғалар мен жағдайлар туралы хабардар кез келген басқа тараптардан
анық және сенімді
ақпаратты сұрату және алу өкілеттігіне ие болды.
Онлайн пікір білдіру бостандығы бойынша халықаралық стандарттар
1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабы мемлекеттік шекараларға қарамастан барлық ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және тарату бостандығын бекітеді. Бұл еркіндік интернеттегі кеңістікке де қатысты. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің № 34 жалпы тәртібінің ескертуінде ақпарат бостандығының стандарттары қазіргі заманғы коммуникация құралдарын қоса алғанда, пікір білдірудің барлық нысандары мен пікір тарату тәсілдеріне қатысты бірдей дәрежеде қолданылатыны жеке көрсетілген.
Халықаралық стандарттар
Интернетке, сайтқа немесе жеке интернет-контентке қолжетімділікті шектеу пікір
білдіру бостандығы
құқығын іске асыруға теріс әсер етуі мүмкін.
Зерттеушілер интернетті адам құқықтарын іске асырудың сәйкестігі тұрғысынан
«құрал»,
«сөз бостандығын іске асыру механизмі» деп қарастырған жөн, ал интернетке қол
жеткізу өз кезегінде
«құқық» бола алмайтын интернетті өшіруді адам құқықтарының бұзылуы деп санауға
болмайтын мәлімге әкелуде.
Қазіргі уақытта «интернет құқығы» немесе «интернетке кіру құқығы» дәстүрлі
мағынада адам құқықтары
туралы
Халықаралық биллде
. көрсетілген адам құқықтары болып табылмайды.
Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі халықаралық стандарттар
Онлайн және басқа құралдар арқылы жедел және көптеген ақпарат алу мүмкіндігінсіз қазіргі өмірді елестету өте қиын. Демек, ақпарат алу құқығы (ағылш. right to information) адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының және АСҚХП-ның 19-баптарында бекітілген негізгі адам құқықтарының бірі болып танылады. Халықаралық құқық бұл құқықты іске асырудың артықшылықтары: мемлекеттік басқару сапасын жақсарту, инвестициялық ахуалды арттыру, сыбайлас жемқорлықты азайту, азаматтық қоғамды жандандыру және оның шешім қабылдаудағы рөлін күшейту болып табылатынын атап көрсетеді.
Электронды қатысудың халықаралық стандарттары
Ұлыбританияда ресми петиция-қолдаухат беру нормативтік-құқықтық актілерді
қабылдауға жұртшылықтың ықпал
етуінің аса маңызды конституциялық құқығы
болып табылады Біріккен Корольдікте 2011 жылдан бастап электрондық
петициялардың ресми порталы
жұмыс істейді, онда бір петициямен 10 000-нан астам қол болған жағдайда Үкімет
оған жауап беруге
міндетті.
Америка Құрама Штаттарында Конституцияға енгізілген алғашқы түзетулерде:
«Конгресс дінді еркін
мойындауға тыйым салатын немесе сөз немесе баспасөз бостандығын шектейтін немесе
халықтың бейбіт
түрде жиналып, Үкіметке шағымдарды қанағаттандыру туралы өтініштермен жүгіну
құқығын беретін бірде-бір
заң шығармауы керек»
делінген: 2011 жылдан бастап Ақ үйдің веб-сайтында электрондық
петициялар порталы жұмыс істейді.
АҚШ-та ресми петициялар атқарушы биліктің басшысы ретінде тікелей Президентке
беріледі. Алайда, қолдардың саны мен мерзімі бойынша қатаң талаптар
бар: атап айтқанда, 1
айда петиция кем дегенде 100 000 қол жинауы керек.
Әділ сот талқылауына құқық бойынша халықаралық стандарттар
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (АҚХК), сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті (АҚХК) адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың, оның ішінде сот процестерінің барлық ықтимал түрлерін қоса алғанда, негізін құрайды. Өйткені, тиісті сот процесінің кепілдіктері мен тараптардың теңдігі адам құқықтарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Цифрлық инклюзияның халықаралық стандарттары
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабына сәйкес және
азаматтық және
саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің .
19-бабының 2-тармағынан кейін кепілдік берілген онлайн-контент пен цифрлық
өнімдерді алу жолындағы
кез келген шектеулер немесе кедергілер мүгедек адамдардың құқықтарын бұзады.
Мұндай шектеулер азаматтық
, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен негізгі
бостандықтардың, соның ішінде сөз бен
сенім бостандығының, ақпарат іздеу, алу және тарату бостандығының бұзылуына
әкеледі.
Мүгедектігі бар адамдар үшін интернетке қолжетімділіктің мұндай шектеулері
Мүгедектердің құқықтары
туралы БҰҰ Конвенциясына қайшы келеді, өйткені мұндай адамдар үшін дүниежүзілік
желіге кіру сапалы,
жан-жақты білім алу, еңбек ету және табыс табу мүмкіндігі, сондай-ақ қоғамның
мәдени және қоғамдық-саяси
өміріне қатысу тәсілі болып табылады.
Халықаралық стандарттар
Көптеген үкіметтер технологиялық компанияларға қатысты өз күштерін күшейтіп,
оларды көбінесе
онлайн-цензураны сақтауға мәжбүр етеді. Бұл оқиғалар интернеттегі
сөз бостандығына бұрын-соңды болмаған шабуылға , ықпал етті, нәтижесінде
ғаламдық интернет
бостандығы 11-ші жыл қатарынан төмендеді
Мемлекеттік реттеуге деген ұмтылыс ішінара, бизнестің өзін-өзі реттеу арқылы
онлайн-зиянды жоя
алмауынан туындады. Америка Құрама Штаттары сөз бостандығы мен еркін нарыққа
қатысты алғашқы
интернет-нормаларды қалыптастыруда жетекші рөл атқарды, бірақ олардың кейінгі
жылдары технологиялық
салаға араласпау тәсілі авторитарлық айла-шарғы жасау, деректерді пайдалану және
теріс пайдаланудың
барлық түрлерін жасауға мүмкіндік берді. Еркін және ашық интернеттің жалпы
жаһандық көзқарасы
болмаған кезде үкіметтер цифрлық саланы бақылауға өз тәсілдерін қолданады.
Көптеген елдердегі
саясаткерлер интернетті бақылауды шетелдік державалардан, трансұлттық
корпорациялардан және кейбір
жағдайларда азаматтық қоғамнан алып тастау арқылы қайтару қажеттілігін алға
тартты.
«Цифрлық құқықтар мен бостандықтар Ландшафты» жобасы аясында ұсынылған 2021 жылғы есепте мемлекеттің
саясаты мен бизнестің цифрлық құқықтар саласындағы қызметі, сондай-ақ олардың адам құқықтары
жағдайына әсері зерттелген жаңа зерттеулердің кең спектрі біріктірілген. Бұл жалпы жылдық есептегі
біздің міндетіміз тек оқиғаларды тізіп қана қоймай, көптеген интуитивті тұжырымдарды ұсыну ғана
емес, сонымен қатар белгілі бір салада жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
Сондай-ақ, 2022 жылғы ақпанда «Цифрлық құқықтар мен бостандықтар Ландшафты» жобасы шеңберінде
«Qazaqstan Shutdown 2022: қаңтар айындағы оқиғалар кезінде және одан кейінгі уақытта болған цифрлық
құқықтарды шектеу» арнайы есебі шығарылғанын атап өткен жөн, онымен жоба сайтында танысуға болады.
Команда және авторлар
2021 жылғы есептің авторлары-қоғам қайраткерлері, құқық қорғаушылар, заңгерлер және прайвасистер. Авторлар цифрлық құқықтар мен құқық қолдану практикасы саласындағы процестерді бақылайды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша мемлекетпен өзара әрекеттеседі. Төменде жоба командасы мен авторлары берілген:
Кабышев Елжан
«Digital Paradigm» ҚҚ директоры
Біржанова Гүлмира
Заңгер және «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ тең құрылтайшысы
Реймер Роман
«Еркіндік қанаты» ҚҚ тең құрылтайшысы
Бектұрғанов Данила
«Азаматтық сараптама» ҚҚ директоры
Абдыкаимов Зият
Ассистивті технологиялар, ақпараттың қолжетімділігі және цифрлық инклюзия жөніндегі сарапшы
Окремова Диана
«Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ директоры
Мухамеджанова Дана
М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің Құқық жоғары мектебі директорының академиялық мәселелер және жұмысқа орналастыру жөніндегі орынбасары
Алаев Вениамин
«Қ. Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі Комиссия» ҚБ төрағасы
Дайырбеков Руслан
«Еуразиялық цифрлық қор» ҚҚ негізін қалаушы
Тулебаева Тогжан
«Digital Paradigm» ҚҚ есебінің қазақ тіліне аудармашысы
Меляков Вадим
«Digital Paradigm» ҚҚ талдаушысы
Щепеткова Елена
Есептің ағылшын тіліне аудармашысы
Чернобиль Татьяна
Есеп редакторы