Мазмұны
Цифрлық құқықтар, қауіпсіздік сертификаты, интернет пен контентті бұғаттау, онлайн соттар және бейбіт жиналыстар, жеке деректер және құпиялылық.
Қазақстандағы жаңа шындық өз жағдайларын талап етуде, онда маңызды нәрсені жіберіп алып, шатасып қалуға болады.
Осының бәрі үшін, әрбір адам ең өзекті цифрлық шындықты біліп, заңдарды сөрелерге дұрыс бөліп, Интернетте өз құқықтарын сақтап қалу үшін біз "Цифлық құқықтар мен бостандықтар ландшафты 2020" ресурсын іске қосамыз, осы сілтеме бойынша қол жетімді – https://drfl.kz.
Барлығы неден басталды?
2019 жылғы 21 мамырда Сорос-Қазақстан қорының ақпараттық бағдарламасы Human Constanta, беларусь құқық қорғау ұйымымен әріптестікте ұйымдастырған #DigitalRights@KZ конференциясында цифрлық құқықтар мен бостандықтардың ландшафты ұсынылды.
Бізде не бар?
Ландшафт сайтында әрбір адам сандық құқықтары мен бостандықтарының өзекті мәселелерімен таныса алып, келесі бөлімдердің қандай да бір тақырыбы туралы пікірталасқа қатыса алады:
- Дербес деректерді қорғау.
- Онлайн пікір білдіру еркіндігі.
- Мазмұнды шектеу.
- Онлайн бейбіт жиналыстар еркіндігі.
- Ақпаратқа қол жеткізу. Бюджеттік ақпарат.
- Электронды қатысу.
- Әділ сот ісін жүргізу құқығы онлайн.
- Жаңа талаптар. Бизнес және адам құқығы.
Авторлармен толығырақ төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Неге бұл маңызды?
Осы жылдың соңына дейін сарапшылар маңызды ақпаратпен және өзекті күн тәртібін қоғамға барынша қарапайым тілмен бөлісетін болады. Біздің көмегімізбен әрбір адам қабылданған заңдардың, шенеуніктердің мәлімдемелерінен, болған оқиғалардан өзінің жеке және жалпы цифрлық шындығына қандай әсер етуі мүмкін екенін біле алады.
Әрбір мақалада азаматтық қоғамның дамуына жеке үлес қосу арқылы өз пікіріңізбен бөлісе аласыз.
Әлеуметтік желілерде біздің аккаунттарға жазылыңыз, ыңғайлы жерде оқып, цифрлық тақырыпта болыңыз:
Жоба Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдауымен әзірленген. Кез келген жарияланымның мазмұны Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен міндетті түрде сәйкес келмейтін автор/лар көзқарасын көрсетеді.