Мазмұны
Модуль туралы
«Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қоры Article 19 халықаралық құқық қорғау ұйымының қолдауымен «Орталық Азиядағы цифрлық құқықтарды қорғау» жобасы аясында цифрлық құқықтар бойынша оқыту модулін әзірледі.
Модуль 109 беттен тұратын ауқымды қолданбалы құрал түрінде ұсынылған және Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика және құқықтану факультеттерінің оқытушыларына арналған.
Онлайн сөз бостандығы, құпиялылық құқығы, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн белсенділік, фактчекинг, интернеттегі авторлық құқық-бұл тәжіребиелік модуль негізделген ең өзекті 10 интернет-бағыттың бір бөлігі ғана.
Модульдің авторлары цифрлық құқықтар саласындағы қазақстандық сарапшылар, заңгерлер, журналистер, цифрлық құқықтар жөніндегі Сараптама тобының қатысушылары болып табылады. Цирфлық құқықтар мен бостандықтар Ландшафтының көптеген сарапшылары оқу модулін құрастыруға қатысты.
Сондай-ақ, осы модульде онлайн режимде тіркелуге және зерттеуге, тест тапсыруға, сонымен қатар тиісті сертификат алуға мүмкіндік бар. Ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика және құқықтану факультеттері үшін оқыту модулі.
Оқу құралының өзін қазақ және орыс тілдерінде Құқықтық медиа-орталықтың сайтындағы төмендегі сілтеме арқылы жүктеуге болады.