Интернет-жарнамадағы ЖИ алгоритмдері: тұжырымдаманы қабылдау

Интернет-жарнамадағы ЖИ алгоритмдері: тұжырымдаманы қабылдау

Мазмұны

Консультативтік құжатқа шолу

2023 жылғы 5 сәуірде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» заң жобасына жарнамалық мазмұнды реттеу мәселелерін, сондай-ақ онлайн-платформалардағы интернет-жарнамада жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалануды дамытатын реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жариялады.

Құжат интернет-жарнаманы реттеу саласындағы халықаралық тәжірибеге шолу жасаудан басталады. Атап айтқанда, еуропалық цифрлық қызметтер туралы Заң (Digital Services Act) туралы айтылады, ол басқалармен қатар онлайн-платформалардағы барлық жарнамалардың және әсер етушілердің коммерциялық коммуникацияларының ашықтығын арттыру тетіктерін қарастырады.

Германияның «Әлеуметтік желілердегі пайдаланушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы (NetzDG), ол заңсыз мазмұнды жою туралы шағымдар мен сұрауларды қарау процедурасының тиімді және ашық болуын талап етеді.

Сондай-ақ АҚШ, Франция және Ұлыбританияда қарастырылатын тиісті заңнамалық бастамалар.

ЕҚЫҰ ұсынымдары

Консультативтік құжатта «Spotlight on Artificial Intelligence and Freedom of Expression» (SAIFE, «Фокуста – жасанды интеллект және сөз бостандығы») жобасы шеңберінде дайындалған интернет – жарнамадағы ЖИ алгоритмдері бойынша ұсынымдар қосылды және қазақстандық құқық қорғаушылардың, атап айтқанда цифрлық құқықтар мен бостандықтар Ландшафты жобасының - «Eurasian Digital Foundation» ҚҚ негізін қалаушы Руслан Дайырбеков және «Digital Paradigm» ҚҚ директоры Елжан Қабышев сарапшыларының жария талқылауы шеңберінде ілгерілетілді:

  • Онлайн платформаларды адам құқықтарын кешенді тексеруді, соның ішінде олардың мазмұнды басқару және автоматтандырылған шешім қабылдау саясатына, сондай-ақ деректерді жинау, мақсатты жарнама және интерфейс дизайны сияқты іскерлік тәжірибелеріне қатысты адам құқықтарына әсерді бағалау (HRIA, Human Rights Impact Assessment) арқылы жүргізуге міндеттеу.
  • Мазмұнды және мақсатты жарнаманы модерациялау үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланудың ашықтығын, негізділігін қамтамасыз ету.
  • Адам құқықтарын қорғау толығымен аутсорсингке берілмегеніне немесе автоматтандырылмағанына көз жеткізу,
  • Кез келген мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ашықтығын қамтамасыз ету.
  • Ашықтықтың қатаң шеңберін енгізу, соның ішінде жарнамада ЖИ қолдану туралы толық ақпаратты қамтитын ашықтық туралы жан-жақты есептерді қарастыру.
  • Жеке өмірге қол сұғылмаушылық және деректерді қорғау құқығын құрметтеу.
  • Кез келген автоматтандырылған шешім қабылдаудан бас тартуға мүмкіндік беру.

Қазақстан үшін құжатта ұсынылатын шешімдер

«Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында интернет-жарнамалар мен онлайн-платформаларды реттеу бойынша ұсынылатын шешімдер көрсетілген:

  • Тұжырымдамалық аппаратты өзектендіру, сондай-ақ онлайн-платформалардың қызметін заңнамалық бекіту;
  • Пайдаланушылардың онлайн-платформалар басшылығымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы алгоритмдерді жетілдіру;
  • Жарияланымдарды жою немесе аккаунтқа кіруді шектеу жөнінде шешімдер қабылданған жағдайда кері байланыстың пәрменді тетіктерімен қамтамасыз ету жөніндегі онлайн-платформалардың міндеттемесі;
  • Мәтіндік контентті мемлекеттік тілге автоматты түрде аудару жүйесін енгізу және жетілдіру;
  • Онлайн-платформаларда интернет-жарнаманы таратуды заңнамалық реттеу;
  • Тауарлар мен қызметтерді жылжыту кезінде жарнаманы таңбалау бойынша міндеттемелерді бекіту;
  • Бір заң шеңберінде онлайн-платформалар бойынша жаңа және қолданыстағы нормаларды шоғырландыру.

Қосымша ақпарат

2022 жылдың 26 қыркүйегінде «Онлайн жарнамадағы ЖИ алгоритмдерінің этикалық стандарттары» аналитикалық материалы шығарылды.

Аналитика «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын талдауды қамтыды, онда авторлар, басқалармен қатар,«интернет-жарнама» ұғымын анықтауды және құжатта осы саланы реттеуді бекітуді ұсынды.

Біз мұны азаматтық қоғамның маңызды жетістігі деп санаймыз және қорытынды заң адам құқықтарын ұстануды сақтап, ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкес адам құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстанда онлайн-платформаларды басқару моделін белгілейді деп үміттенеміз.

Сізге сонымен қатар ұнауы мүмкін

Онлайн-платформалар туралы заң жобасы және ақпараттандыру туралы Заң
Фокустан тыс: заң жобасындағы онлайн-жарнама
Заң шығарудағы онлайн-платформалардың заңды өкілдері институты