Қазақстанның Facebook-пен келісімінің «эксклюзивтілігі» неде және ол интернет бостандығына қалай әсер етеді?

Қазақстанның Facebook-пен келісімінің «эксклюзивтілігі» неде және ол интернет бостандығына қалай әсер етеді?

Мазмұны

1 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) өз сайтында Facebook-пен бірлескен мәлімдеме жариялады, онда тараптар интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді деп хабарлайды.

Мәлімдемеге сәйкес, Facebook қазақстандық мемлекеттік органға өзінің ішкі «Контент туралы хабарлама жүйесіне» (ағылш. — Content Reporting System немесе CRS) «тікелей эксклюзивті» рұқсат берді, бұл АҚДМ-ға Facebook-тің жаһандық контенттік саясатының да, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының да бұзушылықтары бар материалдар туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беруі тиіс.

АҚДМ хабарламасы бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы жүйеге қол жеткізген және контенттік саясатқа жауап беретін Facebook халықаралық командасымен тікелей байланыс арнасына қосылған бірінші ел болып табылады. Сонымен қатар, мәлімдемеде осы жылдың 28 қазанында Facebook командасы министрліктің мамандарына арналған CRS-пен жұмыс істеу, сондай-ақ Facebook-тің контент саясаты және қоғамдастық стандарттары бойынша тренинг өткізгені көрсетілген. АҚДМ қараша айының басынан бастап CRS-те жұмыс істеуді жоспарлады.

Алайда, келесі күні қызық бір жағдай болды: Бен МакКонаги, Meta Platforms (бұрынғы Facebook Inc.) Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саяси коммуникациялар бойынша директоры, бірлескен мәлімдемені жоққа шығарды:

Біріншіден, біз Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз – оның орнына, Қазақстан үкіметі жергілікті заңдарды бұзатын, контентті шектеу туралы үкіметтерден біздің жаһандық сұраулар үдерісі туралы олармен өткізген талқылаулар негізінде өз мәлімдемесін жасады.

Ол сондай-ақ, бұл процесстің «Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегі сияқты» екенін айтты.

МакКонагидің дәйексөзі шетелдік және жергілікті БАҚ-қа таратылғаннан кейін, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, келіссөздер Гонконгта орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия аймағы бойынша Meta офисімен жүргізілді.

Аида Балаеваның Facebook-тегі постының скриншоты

Қорытындылай келе, желіде Қытайдағы, Монғолиядағы және Орталық Азиядағы Meta қоғамдық саясат жөніндегі директоры Джордж Ченнің мәлімдемесі пайда болды, ол Қазақстанның «бүкіл әлемдегі үкіметтерге олардың пікірінше, жергілікті заңнаманы бұзатын контентке шағым жіберуге мүмкіндік бередтін» CRS-ке қол жеткізгенін растады.

Дегенмен, министрліктің қандай «эксклюзивті» қол жетімділігі туралы айтқаны нақты емес. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан үшін CRS-ке қол жеткізу басқа елдердегідей болады. АҚДМ Facebook-тегі контентті өздігінен жоя алмайды, тек шағымдарды жедел қарау үшін жібере алады.

″МИОР собственноручно ничего там удалять не будет”: как власти Казахстана будут ”удалять” контент с фейсбука, объясняет Елжан Кабышев
Директор общественного фонда Digital Paradigm Елжан Кабышев полагает, что власти Казахстана прежде всего хотят контролировать в соцсетях политический контент и поэтому пытаются получить доступ к фейсбуку. Но он сомневается, что компания его предоставит и даст право чиновникам удалять контент

АҚДМ және Meta арасындағы өзара әрекеттестік контентке және адам құқықтарына қалай әсер етуі мүмкін?

Ретсіз бұғаттаулар

Ұлттық заңнамада «терроризм мен экстремизмді насихаттау», «порнографиялық материалдарды тарату», «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру», «бала денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты тарату» және т.б. өте нақты емес құқық бұзушылықтар болғандықтан, интернеттегі кез келген контентті осы құқық бұзушылықтарға кіргізуге болады. Мысалы, Беларусьтегі брест балмұздақ зауытының сайтын порнографияны тарату негізінде бұғаттау, GTA V ойынына байланысты DLC Diamond Casino & Resort туралы мақаласы үшін PlayGround ойын сайтын заңсыз онлайн-казино қызметі негізінде бұғаттау жағдайларын еске түсіреміз.

Желідегі балалардың қауіпсіздігіне кім жауап береді?

«Баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты тарату» негізі бойынша контентті шектеу Қазақстандағы интернет-кеңістікке теріс әсер етеді. Біздің соңғы жарияланымымызда бұл құқық бұзушылық желідегі контентті шектеудің ең танымал 3 себебінің бірі болып табылады. Мәселен, 2021 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін осы негіз бойынша 2345 материал немесе барлық тыйым салынған материалдардың жалпы санының 19,33%-ы шектелді. 2020 жылы ешқандай материал шектелмеді, ал 2019 жылы мұндай материалдар саны 58 болды. АҚДМ мен Facebook-тің бірлескен мәлімдемесінде интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, тығыз ынтымақтастық туралы айтылғанын ескере отырып, әлеуметтік желідегі контентке көптеген шектеулер күтуге болады.

2021 жылы Қазақстанда қандай контент шектеулі?
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) қазақстандық пайдаланушылар үшін контентті шектеу практикасын жалғастыруда.

Facebook қолданушы келісіміне сәйкес, 13 жасқа толмаған немесе пайдаланушы елінде әлеуметтік желі өнімдерін пайдалануға заңды түрде рұқсат етілген ең төменгі жастан [кіші] адамдарға әлеуметтік желі өнімдерін пайдалануға тыйым салынады. Өз кезегінде, қазақстандық заңнамаға сәйкес абонент, яғни Интернеттің толыққанды пайдаланушысы — бұл байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға. ҚР Азаматтық кодексінің 17-бабына сәйкес өз атынан шарттар жасасу қабілеті (толық әрекет қабілеттілігі) кәмелеттік жасқа толғанда ғана жасалынады. Алайда 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ата-анасының (заңды өкілінің) келісімімен шарттар жасасуға құқылы. Бірақ заңнама нормалары әрдайым сақтала бермейтіндіктен, ата-аналар атап айтқанда, SIM-картаны пайдалану үшін келісімшарттарды өз атына тіркеп, балаға интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін жағдайлар кездеседі. Осылайша, ең алдымен, баланың қандай контентті қарайтыны және ол қандай әлеуметтік желілерде тіркелгені үшін жауапкершілік ата-анаға жүктеледі.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 70-бабында: «Ата-аналардың барлық басқа адамдарға қарағанда өз баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар» делінген. Кодекстің 72-бабында «ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналардың баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ» деп жазылған. Біздің ойымызша, мемлекет баланың интернетте қол жеткізе алатын ақпаратты бақылау және тыйым салу тұрғысынан өзіне құзырет алуға құқығы жоқ. Бұл ата-ананың тікелей міндеті болып саналады. Конституцияның 27-бабының 1-тармағында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында» деп көрсетілген, алайда, осы мақалада талқыланған шара, біздің ойымызша, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа пропорционалды емес араласу болып табылады.

Тыйым салынған жарияланымдар мен аккаунттардың жағдайы қандай?

Тыйым салынған АҚДМ сайттарының тізілімінде Facebook және Instagram-дағы жарияланымдар да бар. Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымына сілтемелер мен оның басшысының жеке аккаунтынан басқа, тізілімде жекелеген қазақстандықтардың посттарына сілтемелер бар, мысалы, Ayan Sharipbayev пайдаланушысының «ADAM» журналы туралы естеліктерді жариялау (басқа жазбасында, Аян шектеудің Есіл аудандық сотының шешімімен 2015 жылдың 8 қазанында болғанымен, осы жылы білгенін атап өтті), Алматы қаласының бұрынғы әкімінің жұбайы Лейла Храпунованың жеке аккаунты, @zta_kz лақап атымен қолданушының инстаграм блогы, @islamtoday лақап атымен қолданушының діни блогы. Бұл жағдайда АҚДМ не істей алады? Бұл сілтемелерді жою үшін Meta-ға сұрау жіберу мүмкіндігін пайдалана ма, және Meta бұған қалай жауап береді?

Алдыңғы тармақты ескере отырып, АҚДМ әрекеттері Facebook қауымдастығының сөз бостандығы мен өз ойынын білдіретін нормаларына қалай сәйкес келеді? Facebook хабарлауы бойынша: «Қауымдастық нормаларының мақсаты — өз пікірін еркін білдіру үшін платформа құру. Facebook пайдаланушыларға, кейбір адамдар кез келген пікірмен келіспесе немесе оларды даулы деп тапса да, олар үшін маңызды мәселелер туралы айтуға еркіндік бергісі келеді». Контентке шектеулер қойылуы мүмкін, бірақ компания келесі принциптерді басшылыққа алады:

  1. Шынайылық. Facebook пайдаланушылар немесе олардың қызметі туралы жалған ақпарат тарату фактілерін қаламайды.
  2. Жеке қауіпсіздік. Платформада қорқыту және жасыру үшін қауіптер мен шабуылдарға тыйым салынады.
  3. Құпиялылық. Әлеуметтік желі жеке ақпараттың құпиялылығын және жеке өмірді қорғауға тырысады.
  4. Қадір-қасиеті. Пайдаланушылар басқа адамдардың қадір-қасиетін құрметтеген жөн, сондай-ақ қорлау мен кемсітуден аулақ болуы керек.

Қорытындылай келе

Meta Қазақстанның сұранысы бойынша контентті шектеуі мүмкін, бірақ негізінен өзінің ережелері мен нормаларына сүйенеді. Қазақстанның барлық сұраныстарын компания қанағаттандыра алмауы мүмкін.

Image by Chetraruc from Pixabay

Сізге сонымен қатар ұнауы мүмкін

Киберқадағалау дегеніміз не?
Интернет шатдаунның Памир тұрғындарының өміріне әсері