Сот кабинетінің қателігі ме, әлде ерекшелігі ме?

Сот кабинетінің қателігі ме, әлде ерекшелігі ме?

Мазмұны

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Дауыс беру күніне дейін, 4 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы (ҚР ОСК) «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау процесіне қатысушылардың жекелеген санаттарының өкілеттіктерін іске асыру мәселелері туралы» Қаулы (бұдан әрі – Қаулы) шығарды. Қаулы бақылаушылардың құқықтарын шектейтін факторлардың бірі болды.

Конституциялық құқық саласындағы кейбір заңгерлер мен мамандардың пікірінше, ОСК қаулысы Қазақстан Конституциясына, сондай-ақ азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, сонымен қатар ЕҚЫҰ құжаттарының шеңберінде біздің еліміз өз еркімен алған халықаралық міндеттемелерді айтпағанда, өзге де бейіндік заңдарға қайшы келеді.

Осыған байланысты қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар тобы ҚР ОСК қаулысын заңға қайшы деп тану туралы талап арыз жіберу ниеті туралы мәлімдеді. Азаматтық қоғам өкілдері нормативтік-құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша арыз беру құқығын пайдаланды.

Мәселенің заңды жағы келесідей:

1 қадам. Өтінішті дайындау

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі мәтін бойынша – ҚР АІЖК) 28-баптың 1-тармағында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне/әрекетсіздігіне дау айту туралы талап қоюлар бойынша Жоғарғы Соттың соттылығын белгілейді. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының істердің мұндай санатын бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайтындығы және шешетіндігі айрықша ерекшелік болып табылады.

Арыз беру ҚР АІЖК-нің 298-бабының («Арыз беру») негізінде, ҚР АІЖК-нің 148-бабында көзделген талаптарды («Талап арыздың нысаны мен мазмұны») ескере отырып беріледі. ҚР АІЖК-нің 298-бабына сәйкес Қаулының күші қолданылатын азаматтар немесе заңды тұлғалар талапкерлер бола алатыны маңызды.

Осы ретте Салық кодексі: Жеке тұлғалар үшін – 0,3 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін – 5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуді көздейді.

2 қадам. Өтініш беру

Елде жалғасып жатқан карантиндік шаралар сотқа өтінішті сот кабинетінің онлайн-сервисі арқылы жіберуді көздейді.

Әдетте, өтініш/талап арыз беру кезінде пайдаланушы іс жүргізу-> азаматтық іс жүргізу -> кассациялық саты сот ісін жүргізу қойындысын ашуы керек. Содан кейін сіз тиісті өтінішті таңдап, өтініш беру процедурасын бастауыңыз керек.

3 қадам. Алайда...

Мәселе, сот кабинетінің сервисі арқылы ҚР АІЖК-нің 28-бабының 1-бөлігінде көзделген өтінішті жіберу мүмкін емес. Жалғыз нұсқа «өтініштерді беру» қойындысы болып табылады.

«Өтініш беру» бөлімінде көрсетілген жолдарды толтыру,«Өтініш мәтіні» терезесін толтырып, сіздің талаптарыңызды растайтын сканерленген құжаттарды қоса беру қажет.

«Азаматтық іс жүргізу» бөлімінде тиісті қойындының болмауы әзірлеушілердің қате жіберіп алуы болып табылады, бұл өтінішті уақтылы тіркеуге, дайындауға және қарауға қатысты іс жүргізу нормаларының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Сот кабинеті қызметінің техникалық жабдықталуына жауапты адам осы қателікке назар аударып, оны мүмкіндігінше тез жоюы керек.

Сізге сонымен қатар ұнауы мүмкін

404 сот қателігі: деректер жоқ болса-іс те болмайды
Әскери соттан түскен цензура ма? Жетістік тарихы
Үшінші тараптан сот төрелігі
Әскери соттан түскен цензура ма?