Цифрлық авторитаризмнің қайта оралуы: 2021 жылы интернет шатдауны

Цифрлық авторитаризмнің қайта оралуы: 2021 жылы интернет шатдауны

Мазмұны

Интернеттегі цензураға қарсы әлемдік науқан

Access Now коммерциялық емес ұйымы #KeepItOn қозғалысымен бірігіп, 2021 жылы 34 елде интернеттің 182 шатдауны тіркеді.

Access Now — 2009 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым, мақсаты бүкіл әлемдегі адамдардың цифрлық азаматтығын қорғау және ілгерілету. #KeepItOn қозғалысы ғаламдық интернетті шатдаунын тоқтату үшін ұйымдарды біріктіреді және ынталандырады.

Науқанды 2016 жылы 70-ке жуық ұйымнан тұратын коалиция бастады. Содан бері науқан 105 елден 282 ұйымды біріктірді, олардың арасында азаматтық қоғам, құқық қорғау топтары, талдау орталықтары, қорлар мен БАҚ бар.

Цензура, ақпаратты реттеу және сыртқы әлемнен оқшаулау үкіметтің цифрлық авторитаризмге көшуінің негізгі құрамдас бөліктері болып табылады. Интернет шатдауны — бұл бір қадамда түпкілікті басқаруды қамтамасыз ететін «барлығы бірден» түрі бойынша дәлелденген құрал.

2020 жылғы 159 шатдаун санына қарағанда, 2021 жылы интернетті жалпы шектеудің 182 жағдайымен өшірулер санының алаңдатарлық өсімі тіркелді. Үкіметтер интернетті ұзақ және нақты, мақсатты түрде өшіруді енгізді және олардың мәні бойынша сәйкес келмейтін сонымен қатар түбегейлі шаралардың көптеген белгілі негіздемелеріне сүйенді.

Ең көп шатдаун Үндістан мен Мьянмада болды, ол жерде 106 және 15 жағдай тіркелді. Одан кейінгі орында Иран (5) Судан (5), Куба (4) және Иордания (4). Билік 22 елдегі белгілі бір платформаларға мақсатты шектеулер қойып, қоғамдық сын мен келіспеушіліктерге қатаң жауап берді. Мысалы, Пәкістанда билік жоспарланған үкіметке қарсы наразылықтар алдында Facebook, Twitter және TikTok сияқты әлеуметтік желілерге қолжетімділікті жауып тастады. Басқа елдер VPN желілерін пайдалануды қылмыс деп санап немесе адамдар цензураны айналып өтпеу үшін оларға қол жеткізуді бұғаттаған.

Қазақстан және Орталық Азиядағы шатдаундар

2021 жылдың 28 ақпанында Қазақстан билігі саяси тұтқындарды босатуды талап еткен үкіметке қарсы шерулерді басу үшін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жергілікті шатдаунды қолданды. Сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан мобильді интернетке қолжетімділікті өшіріп, әдейі мобильді желіні өшіруді пайдаланған елдердің тізіміне енді.

Түрікменстанда билік 2021 жылы VPN сияқты цензураны айналып өту құралдарын ұсынатын сайттарды мақсатты түрде бұғаттаған кезде бұрыннан бар цензураны күшейтті.

Тәжікстан билігі пропорционалды емес онлайн цензураның ұқсас үлгісін ұстанды. Елдің ең үлкен аймағында (ТБАО) үкімет наразылықтарға жауап ретінде интернетке қосылуды бұғаттап, адамдарды интернетке қосылу үшін көршілес қалалар мен облыстарға жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр етті.

Ал Өзбекстанда ұлттық байланыс реттеушісі танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кіруді шектеді. WhatsApp, Facebook және Telegram қолжетімді болды, бірақ 2022 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша адамдар әлі де Twitter, VK, TikTok немесе Skype қолданбаларына VPN-сіз қол жеткізе алмады.

Access Now баяндамада 2021 жылы Шығыс Еуропада (Беларусь, Ресей) және Орталық Азияда болған оқиғалар ретроспективада мемлекеттік органдардың халыққа бақылау орнатуға барған сайын агрессивті әрекеттері туралы белгі болып көрінеді, ал кең цензура мен желінің сәтсіздігі болашақ цифрлық авторитаризмнің негізін қалайды.

Access Now және #KeepItOn келесі жылдары үлкен жетістіктерге жетуге үміттенеді, осылайша жаһандық есептер арқылы қысым күшейіп, көптеген зиян келтіретін трендті тоқтатады.

Ұйымдардың толық есебімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Сізге сонымен қатар ұнауы мүмкін

Өзбекстан интернетін реттеу