Цифрлық кодекс — digital-бойынша барлық салаларын бірыңғай реттеу

Цифрлық кодекс — digital-бойынша барлық салаларын бірыңғай реттеу

Мазмұны

Бір құжаттың цифрлық активтер, AI, блокчейн, роботтар және деректерді ауқымды өңдеу, цифрлық платформалар мен экожүйелердің жұмыс істеу тәртібі, Big Data сияқты серпінді digital-технологияларды пайдалана отырып, қоғамдық қатынастарды реттеуі, сондай-ақ ел азаматтарының цифрлық құқықтарын бекітуі міндеті туындады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің осындай тапсырмасының шешімі:

ҚР 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы + Ақпараттық технологиялар саласын дамыту тұжырымдамасы = цифрлық Кодекс жобасының негізі.

Цифрлық кодекс реттейтін кейбір нормалар:

- Азаматтардың іргелі цифрлық құқықтарын, оның ішінде жеке өмірі мен деректердің құпиялылығын қорғау кепілдіктерін, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылым мен қызметтерге тең қол жеткізу құқығын бекіту

- Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын немесе бюджет қаражаты есебінен құрылған деректерді өңдеу және басқару тәртібі;

- Цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібі;

- Дербес деректерді жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтің құқықтық негіздері;

- цифрлық платформалар мен экожүйелердің жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ олармен өзара әрекеттесу кезінде азаматтардың құқықтарын белгілеу;

- Жасанды интеллект, блокчейн, Big data технологияларына негізделген цифрлық өнімдер мен шешімдерді қолданудың құқықтық режимі;

- Биометриялық деректерді жинау, сақтау және өңдеу, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру технологияларын пайдалану тәртібі;

- Пилотсыз аппараттардың, сондай-ақ автономды роботтардың жұмыс істеуінің құқықтық режимі.

(автономды роботтар мен ҰҰА туралы «Өлім қаупін туғызатын автономды қару жүйелері — «өлтіруші роботтар» жобасының мақаласынан білуге болады)

Өлім қаупін туғызатын автономды қару жүйелері
Өлім қаупін туғызатын автономды қару жүйелері дегеніміз не және оларды қолдану туралы халықаралық құқық не айтады?

Толығырақ техникалық тапсырмада танысуға болады.

Сұрақтың өзектілігі және бұл не үшін қажет?

Бірыңғай цифрлық Кодекс жобасына 156 млн теңге бөлінеді және ЦДИАӨМ-де мұндай құжатты қабылдау заңнаманы айтарлықтай жеңілдетіп, мемлекеттік басқарудағы "цифрлық" тәсілдердің бірлігін қамтамасыз етеді деп есептейді.

Өйткені, мысалы, «Ақпараттандыру туралы» Заңға 2015 жылдан бастап отыз реттен астам түзетулер енгізілді, бұл ретте соңғы төрт жылда ең көп түзетулер жасалды.

Сонымен қатар, олар интернеттегі жеке мәліметтерге қол сұғылмаушылыққа кепілдік береді деп уәде береді. Сондай-ақ, Кодекс мемлекетке "цифрландырудың платформалық моделіне" көшуге көмектеседі.

Сізге сонымен қатар ұнауы мүмкін

Онлайн-платформа дегеніміз не және ол неге деректермен бөліседі?
Қытай және Орталық Азия: ынтымақтастық па әлде бақылау ма?