Freedom on the net 2022: Қазақстанда интернет әлі де еркін емес

Freedom on the net 2022: Қазақстанда интернет әлі де еркін емес

Мазмұны

Әлем бойынша жалпы деректер

Интернетке 4,5 миллиард адам қол жеткізе алады. Бұл ретте олардың 76%-ы саяси, әлеуметтік немесе діни тақырыптарда контент жариялағаны үшін қамауға алу және қудалау тіркелген елдерде тұрады.

51% әлеуметтік медиа платформаларына қол жетімділік уақытша немесе тұрақты түрде шектелген елдерде тұрады.

Пайдаланушылардың 44%-ы билік интернетті немесе ұялы байланысты өшірген елдерде тұрады.

Интернет еркіндігі өткен жылмен салыстырғанда 28 елде нашарлады, ең күрт құлдырау Ресейде, одан кейін Мьянма, Судан және Ливияда болды.

Қазақстандық аспект

Қазақстанда есепті кезең ішінде интернет еркіндігі төмендеді. Негізінен үкімет қаңтар айындағы наразылықтарға жауап ретінде шатдаунға жүгінгені үшін болды.

Рейтинг үшін екінші күрт теріс фактор Қазақстан президентінің балаларды қорғау туралы Заңға қол қоюы болды, ол әлеуметтік желі платформаларын арнайы өкілдерді тағайындауға және 24 сағат ішінде заңсыз деп танылған мазмұнды жоюға міндеттейді.

Нәтижесінде, ел 100-ден (бірге жақын = нашар) 32-орынға ие болып, төменде берілген көрсеткіштер:

  1. саяси, әлеуметтік және діни мазмұнды шектетілуі;
  2. акт желілерінің жұмысын тоқтатылуы;
  3. үкіметті қолдайтын комментаторлардың онлайн-пікірталастарды манипуляциялауы;
  4. цензураны күшейтетін жаңа заң немесе директива қабылдануы;
  5. блогер/интернет қолданушысы қамауға алынуы немесе саяси, әлеуметтік себептермен ұзақ қамауда отыруы;
  6. блогер/интернет қолданушысы физикалық шабуылға ұшырауы немесе өлтіріліуі (соның ішінде түрмеде) бойынша өтпеді.

Freedom on the Net 2022 жаһандық есебі.

Сізге сонымен қатар ұнауы мүмкін

Киберқадағалау дегеніміз не?
Интернет шатдаунның Памир тұрғындарының өміріне әсері