Қазақстандағы желідегі анонимділік мәселесі аса ерекше. Осылайша, Қазақстанда 2018 жылдан бастап желіде анонимді түсініктемелерге ресми тыйым салынды [1]. «Ақпараттандыру туралы» Заңның 36-бабы [2] мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылды:
Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының Интернетте ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның